Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырау халқының 96,5%-ы қазақ тілін меңгерген

Биыл «Тіл туралы» заңның қабылданғанына – 20 жыл. Түрлі ұлт өкілдерін топтастыратын, ортақ мақсатқа жұмылдыратын мемлекеттiк тiлдi меңгеру әрбiр адамның парызы екені даусыз.

dalanews-kaz-tili

Қазіргі қоғамда үш тілді білу, игеру қажеттілігі туып отыр. Дегенмен, әркімнің өзінің ана тілін білуі маңызды. Осы бағытта мемлекеттік тіл мәдениетін жетілдіру, тілге деген сұранысты арттыру, мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру талабы қойылуда. Елбасы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды тапсырған болатын. Оның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету. Сол бағдарлама бойынша қазір көптеген жұмыстар жүргізілуде.

Мысалға, ересек халықты тілдерге оқыту бағытында облыс әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және тілдерге оқыту орталығы» КМҚК-да 108 адам қазақ тілі, 40-ы орыс тілі, 49 адам ағылшын тілі курстарында оқып шықты. Сондай-ақ, «Қазтест» жүйесі бойынша түсінік беру бір күндік көшпелі семинарына 175 адам, «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және оның стандарттары» бір күндік көшпелі семинарына 127 адам қатысты.

Биыл жүргізілген әлеуметік зерттеу қорытындысымен қазақ тілін түрлі деңгейде меңгерген ересек халықтың үлесі 96,5 пайызды құрады. Сондай-ақ, 14,8 пайызы ағылшын тілін, 11,5 пайызы үш тілді түрлі деңгейде меңгерген.

Гүлдана АЛДИЯРОВА,

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button