Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

«Атырау-Астрахань» және «Атырау-Ақтөбе» жолдары көктемнен бастап жөнделеді

Атырау облысында 2018 жылы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жалғасады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1

«Ағымдағы жылы облыстық және аудандық маңызы бар 60 шақырым жол жөнделеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань» және «Атырау -Ақтөбе» автомобиль жолдары қайта жөнделеді. Бұл — алдағы көктемге жоспарланған жұмыстар. Қала және қала маңындағы кенттердің 207 көшесінің жолын жаңалау бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Оның жалпы ұзындығы 220 шақырымды құрайды»,-деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Әсет Оразғалиев.

2017 жылы өңірде облыстық және аудандық маңызы бар 86 шақырым жол жөнделген. Елді мекендер ішіне 267 шақырым жол төселген.

Айқара Ғұмар

Фото inform.kz сайтынан алынған

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button