Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атырау Астанаға қарап бой түзейді

Облыс орталығынан бой көтеріп жатқан ретропарк құрылысы күз айларында аяқталып, пайдалануға берілмек. Ал, жаңа бас жоспар бойынша Алмалы, Береке ауылдары қала құрамына енгізіледі. Осылайша, жыл сайын өркендей түскен Атырау аумағы кеңейіп, қазіргіден 45871,0 гектарға дейін ұлғаяды, яғни қосымша 30 мыңға жуық гектарға өсуі болжанып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтке облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Төлеп Орынбасаров хабарлады. 

IMG_3446

— 2013-2014 жылдары Атырау қаласының қолданыстағы бас жоспары қайта жаңғыртылып, өткен жылдың аяғында бекітілді. Құжатқа сәйкес, биылдан бастап 2030 жылға дейін жалғасатын облыс орталығының ескі бөлігі бұзылады.

Жобаға сәйкес, қаланың құрамына 18 ауыл, оның маңындағы 16 бірнеше елді мекен енгізілмекші. Жаңа бас жоспармен қаланың аумағы шартты түрде 16 тұрғын ауданға бөлінген, – деген Төлеп Қиялбайұлы Мақат және Доссор кенттерінің бас жоспарларын қайта жасақтау жұмыстары келесі жылдың еншісінде екенін жеткізді.

Ал, облыс орталығының ескі бөлігінде Астананың тәжірибесі бойынша «ақылды қала» бой көтереді. Елордада корейлік компания тұрғын үй кешендерін тұрғызған. «Күні бүгінде бұл мәселе қарастырылуда. Жақында біздің қызметкерлеріміз жағдаймен толық танысып қайтты. Тозығы жеткен үйлерді құлатып, жаңа үйлер салуда астанамыздан үлгі аламыз», — деді ол.

Аймақ бас сәулетшісінің айтуынша, елді мекеннің сәулет деңгейін көтеру мақсатында бөлшекті жоспарлау жобалары жасақталды. Статистикалық деректерге жүгінсек, Атырау қаласы бойынша 81511 тұрғын жер кезегінде тіркеуде тұр. 2012 жылдан бері шаһарда жекеменшік үйге жер бөлу жұмыстары тоқтап тұрған болатын. Өткен жылы бұл мәселе оң шешімін тауып, тұрғындардың өтініштері қанағаттандырыла бастады. Биыл қаланың өзінде 2092 жер телімін беру жоспарланып отыр.

— Ағымдағы жылы аймақта «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 37 көпқатарлы тұрғын үй құрылысы (Береке ықшамауданында -15, Баймұқанов көшесінде – 1, Нұрсая ықшамауданында – 2, Байжігітова көшесінде – 2, Мақат, Махамбет, Индер, Исатай аудандарында – 1 үйден) жүргізілуде. Пәтерлердің жалпы ауданы 135,7 мың шаршы метр, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Жеке тұрғын үй құрылысының бірыңғай сәулеттік келбетін жасау мақсатында Қайыршақты ауылдық округінен (Талғайраң) инженерлік коммуникациясы тартылған 400 учаске дайындалды. Бүгінгі таңда Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің сызбалары бойынша 80 тұрғын үйге жоба-сметалық құжаттамасын жасақтау жұмыстары басталды. Бұл үйлер де биыл тапсырылады деп жоспарланып отыр, — деді ол.

Жұртшылық арасында түрлі пікір туғызған облыс орталығындағы концерттік зал жөнінде Төлеп Қиялбайұлы бұл нысан болашақта аталған концерттік зал ретінде қалдырылып, жанына мәдени-сауықтыру кешені қоса салынатынын жеткізді. Енді ол француздық компания тарапынан жұмсалатын инвестиция арқылы іске аспақ.

Айбөпе Сабырова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button