Атырау қаласында фоторадар кешендерінің орналасу нүктелері өзгертіледі
Атырау қаласындағы көп мақсаттағы фоторадар кешендерінің орналасу нүктелері өзгертіледі. Бұл жөнінде облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы хабарлайды.
Бөлім бастығы Досай Жұпқалиевтің мəлімдеуінше, зерделеу жұмыстарының нәтижесімен қаладағы жол апаттары жиі орын алатын аумақтар белгіленген. Көлік жылдамдығын асыратын жүргізушілерді тәртіпке шақыру үшін автоматты тіркейтін фоторадарларды қажетіне қарай «қауіпті аймақтарға» орналастыру қолға алынбақ.
Қалада жалпы саны 17 жаңа құрылғы жұмыс жасайтын болады. Бұған дейін қолданыста болған 11 аталмыш құрал көмегімен 11555 жылдамдықты асыру фактілері тіркелген.
Қазір облыс орталығында 6 жерде: Досмұхамедов (бұрынғы Московский), Владимирский, Молдағұлова көшелері бойында, «Ардагер» ықшам ауданы тұсында жəне қалған екеуі — Геолог кентіне фото құрылғыларды орнату жұмыстары басталды.
Айта кетейік, бұл жұмыстар ІІД техникалық қызмет тобының күшімен жүзеге асырылуда.