Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі ұйымдастырған «Туған жер» этно-мәдени шарасы Махамбет ауданында жалғасты (ФОТО)
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі ұйымдастырған «Туған жер» этно-мәдени шарасы Махамбет ауданында жалғасты. Индер өлкесінен шығып, Махамбетке ат басын тіреген насихаттық топты аудан әкімі Сырым Рысқалиев қабылдады.
Ол «Туған жер» этно-мәдени жобасын ұйымдастырушы «Атырау-Ақпарат» серіктестігінің бастамасына сәттіліктер тіледі. Мұнан соң насихаттық топ О.Шонаев атындағы орта мектептің ұжымымен және аудандық орталық аурухананың дәрігерлерімен кездесіп, Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына байланысты ой-пікірлермен бөлісті.
Кейін, Махамбет аудандық мәдениет үйінде этно-мәдени шараның қорытынды кеші өтті. Аудан әкімі жиналған жұртшылыққа Елбасы мақаласынан туындайтын 10 жаңа жобаны жария етті. Ал, «Атырау-Атырау» медиасеріктестігі директорының орынбасары Рауан Сәбитов тарихы терең, әлеуметтік-экономикалық даму үрдісі алға басқан Махамбет ауданындағы атқарылған жұмыстар мен тың бастамалардың халық игілігіне айналуына тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, «Туған жер» шарасының маңыздылығына кеңінен тоқталды.
Шара аясында облыстық, аудандық басылымдарға белсенді қолдау көрсетушілер, тілші-авторлар, жас қалам иелері мақтау-марапаттарға ие болды.
Мерекелік кештің соңында облыстық Н.Жантөрин атындағы филармонияның өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты.
Бақытжан Жұмат
Суреттерді түсірген: Әнуар Әбілғазиев