Жарнама
ЖаңалықтарСаясатҚоғам

Бүгін Атырауға «Нұр Отан» партиясының хатшысы Илья Теренченко келді

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Илья Теренченко Атырау облысына арнайы іссапармен келіп, өңірдегі партиялық жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізді.

АНПЗ -Партия НО

Партия хатшысы алдымен қаладағы дарынды балаларға арналған облыстық ұлттық гимназияда болып, ІТ сыныбының салтанатты ашылу рәсімінің куәсі  болды. Гуманитарлық, физика-математикалық және химия-биологиялық бағытта дарындыларға дәріс беретін білім ордасының шәкірттерге терең білім берудегі  оқу-тәрбие жұмыстарымен танысты. Мейман гимназия асханасына бас сұғып, мұндағы оқушыларды тамақтандыру жайына да ерекше назар аударды.

Қазақстанда бензол мен параксинол сияқты бірден-бір мұнай химиясы өнімдерін шығаратын мұнай өңдеу зауытының өнідірістік-технологиялық процесімен, автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысымен танысты.  Зауыттың бас инженері Василий Гацко өндіріс алыбының  бүгінгі тынысынан,  жаңа технологияны енгізу, ақпараттандыру, өнім сапасын жақсарту, жұмысшы-қызметкерлерге әлеуметтік жағдайлар жасау барысынан жан-жақты хабардар етті.

Қазір зауыттағы 1,7 мың жұмысшы қызметкердің 1145-і «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Мұнда бес партия тобын біріктіретін іргелі бастауыш ұйым өткен жылғы республикалық конкурста «Үздік бастауыш партия ұйымы» деп танылды. Бастауыш партия ұйымы ­– еліміз бойынша бөлек қызметтік үш бөлмемен жабдықталған жалғыз ұйым. Партия ұйымының жетекшісі Бақыт Мұлқайдарқызы Илья Теренченкоға «нұротандықтар» бастамасымен қолға алынған партиялық жобалардың кәсіпорын бойынша орындалуы туралы әңгімеледі.

     «Нұр Отан» партиясының хатшысы бұдан соң облыс әкімдігінің Ахуалдық орталығында Гео-ақпараттық портал жобасының тұсаукесер рәсіміне қатысты. Облыс аумағы мен Атырау қаласының Гео-ақпараттық порталы – бұл халықты ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында әрі көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігін көтеру үшін халық пен жергілікті атқарушы органдарды байланыстыратын қазақстандық инновациялық IT жоба.

Түрлі ұйымдардың орналасуы, олардың байланыс деректері, интернет мекен-жайларымен қатар, қоғамдық көлік пен аялдамалар туралы ақпарат, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, емхана, аурухана, дәріхана, қонақүй, банкомат және жанармай құю стансалары сияқты қоғамдық маңызы бар нысандар қаламыздың гео-порталында толық көрсетілген.

­– Гео-ақпараттық портал әрбір кәсіпкер үшін таптырмас пайдалы құрал. Онда сіздер үшін облыс және қала бойынша жоспарланған жер сатылымдары, олардың орналасуы, сатылымға қатысу шарттарымен қоса, өтініштерді қабылдау орындары жайлы ең соңғы мәліметтер жарияланғанына куә болып, таң қалып тұрмын. Халық үшін өте пайдалы да қажетті деректер мен ақпараттарды алуға болатындығы қуантады, — деді Илья Теренченко.

Бақытжан ЖҰМАТ        

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button