ЖаңалықтарШаһар шырайы
Атырауға Көпен келе жатыр
Есімі елге танымал белгілі сатирик жазушы — Атырауда. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сықақшы Көпен Әмірбек «Көпен келе жатыр» атты әзіл-сықақ кешін өткізеді.
Бұл шара Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына орай ұйымдастырылып отыр. Кеш қонақтары – өзбекстандық Балтабай Ташматов және Қырғызстаннан келген Жошыбай Қадырматов.
Әзіл-сықақ кеші Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда 16 қараша күні, сағат 16:00-де өтеді. Келіңіздер, көріңіздер!!!
Айқара Ғұмар
Фото baistars.kz сайтынан алынған