43 миллион теңге кімге бұйырды? (+ВИДЕО)
Газетіміздің өткен санында жарияланғандай, тікелей облыс әкімінің бастамасымен Маxамбет ауданы Алмалы ауылында Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы шеңберінде ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Оған еліміздің Парламент Мәжілісінің депутаты, қазақстандық ұлттық спорт федерациясының президенті Бекболат Тілеуxан арнайы келіп қатысты.
https://www.youtube.com/watch?v=t2kvPosfv5A
Турнир қонақтарының қатарында республикамыздағы ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы бастаған делегация да бар. Ұйымдастырушылар – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Ұлттық спорт түрлері» федерациясы.
– Республиканың батыс бөлігінде ұлттық спорт ұлықталып, көптеген үйірмелер ашылуда. Тіпті, қытайлық қазақтар да аударыспақтан турнир өткізіп тұрады. Соның өзіне марқаямыз, мерейіміз тасиды, — деді Бекболат Тілеухан.
Барлығы жеті мемлекеттен 300-ге жуық үміткер спорттың он түрінен бақ сынады. Атап айтқанда, бұлар – көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, аламан, топ және ұшқыр бәйге, жорға және тазы жарысы. Отыз киіз үй тігіліп, ұлттық тағамдар дайындалды. Бәрі де жиналғандарға тегін үлестірілді.
– Бүгінгі шара қазақстандықтарға өз тариxын, түп-тамырын, мәдениеті мен дәстүрін еске түсіреді. Ұлттық спорт ойындары – халық дәстүрінен ойып орын орын алатын бір ерекшелік. Біздің міндетіміз – осының бәрін сақтап, ұрпаққа жеткізу. Сонда ұлт та бәсекеге қабілетті болады. Қазақстанды бүкіл әлем қауымдастығы мойындайды. Президентіміздің сарабдал саясатын мойындайды. Демек, дұрыс бағытта келе жатырмыз, — деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
(Толығырақ «Атырау» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар)
Аман ШАМАР