Атырауға Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы жұмыс сапарымен келді
23 шілде күні Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайыммен кездесті, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Нұрлан Ноғаев Бақытжан Әбдірайымовқа өңірдің Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әңгімеледі.
— Қазіргі уақытта өңірде, соның ішінде облыс аумағында жұмыс жасайтын кәсіподақтардың табысты жұмысының нәтижесінде оң даму динамикасы байқалады. Мемлекет басшысы жолдау мен басқа бағдарламалар аясында алға қойған барлық міндеттерді іске асыруға біздің қаражатымыз жеткілікті. Біз Атырау облысын дамытуда бірлесіп жаңа белестерді бағындырамыз деп сенемін, — деп баса айтып өтті өзінің құттықтау сөзінде Нұрлан Ноғаев.
Кездесу барысында Бақытжан Әбдірайым өңірдің екі кәсіподақ төрағасына Астананың 20-жылдығы құрметіне мерейтой медальдарын табыс етті.