Жарнама
Жаңалықтар

Қатты аязда қатып қалды

ПОЛЬША. Қыстың қытымыр мінезі еуропалықтарды да әбігерге салды. Соңғы 2 күн ішінде мұнда қатты аяздан 20-дан астам адам көз жұмған.

4db6cc1ea3b053d2541565cd8dc09ace_xl

Марқұмдардың көбісі польшалық болып шықты. Елдің көп бөлігінде ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендеген. Әдетте мұнда қаңтардағы орташа температура шамамен — 1, — 5 градус болатын. Ауа райының қолайсыздығынан көршілес Германия мен Чехия да жапа шегіп отыр. Сонымен қоса, Италия мен Болгарияда да аяздан үсіп өлгендер бар. Көптеген өңірде жолдар жабылып, теміржол қызметі кідіріспен жұмыс істеп жатыр. Күннің қатты суытуына байланысты Бельгия мен Люксембург арасындағы пойыздар қатынасы уақытша тоқтатылған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button