Жарнама
Жаңалықтар

Аттестаттау нәтижесін қорытындыласақ…

Елбасының Жарлығына сәйкес биылғы жылдың І жартыжылдығында «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері кезектен тыс кешенді аттестаттаудан өтті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов сынақтың қорытындысын баяндады.

deleg

– Аттестаттаудың негізгі мақсаты – «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің дайындық деңгейі мен атқарып отырған лауазымына сәйкестігін анықтау. Атырау облысы бойынша 2215 мемлекеттік қызметші әңгімелесуден  өтті, — деді Тоқтамыс Қадошұлы.

Атап айтсақ, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар бойынша саланың 1122 қызметкері сынақ тапсырып, оның ішінде 32  мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сай еместігіне орай қызметін төмендету ұсынылған. Ал, 1021 адамның біліктілігі атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келсе, 67 мемлекеттік қызметкердің лауазымын жоғарылату қаралуда. Махамбет аудандық әкімдігінен екі қызметкерді   қызметтен босату ұсынылды.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан 1093 мемлекеттік қызметкер сынақтан өтті. Солардың қатарында қызметін жоғарылатуға ұсынылғандар саны 69 болса, керісінше, төмендету деңгейін 15 қызметкер көрсетті. Аттестаттау қорытындысымен  білімі мен кәсіби біліктілігі лауазымына сай болмай шыққан 14 маман қызметтен шығаруға ұсынылып отыр. Айта кететін бір жайт, олардың барлығы – орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері.

Департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов белгілі бір себептермен аттестаттаудан өтпеген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері маусым айының соңына дейін сынақ тапсыруы міндетті екенін ескертті.

Айгүл Социалқызы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button