Жарнама
Жаңалықтар

Аттестация уақытында мемлекеттік қызметке түсуге мораторий жарияланбайды

Орталық коммуникациялар қызметінде «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттау тақырыбында баспасөз-мәслихаты болып өтті.

1

Баспасөз-мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалдарына  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Амантайқызы Шаимова жауап берді.

«Қазіргі аттестация биылғы аттестаттаудың бұрынғылардан ерекшелігі, ол мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру үшін олардың кәсіби даярлығы мен мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған. Аттестациялау уақытында мемлекеттік қызметке түсуге мораторий жарияланбайды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің  ішкі ауысуы болуы мүмкін және қызметшілерге аттестациядан өту талабы ғана қойылады.

Сонымен қатар, уақытша орында отырған қызметші аттестациялық комиссияның шешімін күтпей, конкурсқа қатысуға құқылы»,-деді спикер.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button