Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін не қажет? (+ВИДЕО)

https://www.youtube.com/watch?v=TOrC2BJeunk&feature=youtu.be

Atr.kz/ 2 сәуір, 2019 жыл. Өтініш беру  және тек жеке куәлікті ұсыну жеткілікті.

Тұрғылықты мекенжай бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу болуы қажет. АӘК тағайындаған кезде 2019 жылғы 1 сәуірге дейін отбасының бірге тұратын барлық мүшелері есепке алынатын. Атаулы әлеуметтік көмекті кім ала алады? Бір адамға шаққандағы айлық табысы 20 789  теңгеден аспайтын отбасылар. Отбасының жиынтық табысын анықтаған кезде жеке қосалқы шаруашылық ескеріледі.

Сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар: — көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын; — тұрғылықты мекенжайын тіркеу, паспорт және жеке куәлік алу кезінде жасалатын нотариаттық және заң тұрғысынан маңызды әрекеттер үшін мемлекеттік баж салығын және т.б. төлеуден босатылады.

Сонымен қатар, 5 және одан да көп бала туып, оларды 8 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған аналар 53 жасында зейнетке шығуға құқылы. Атаулы әлеуметтік көмек туралы толық ақпаратты «111» call-орталығы арқылы алуға болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button