
Жаңалықтар
Ата-аналар балаларының TikTok-тағы уақытын шектей алады
Республика Мәдениет министрі Аида Балаеваның мәлімдеуінше, TikTok әлеуметтік желісінде «Демалыс» атты жаңа функция іске қосылды. Бұл мүмкіндік ата-аналарға балалардың қосымшаны пайдалану уақытын бақылауға және белгілі бір уақытқа бұғаттауға жол ашады.
Министрдің айтуынша, ата-аналар тек уақыт шектеуімен ғана емес, сонымен қатар балаларының қандай аккаунттарға жазылғанын және кімдерді бақылап отырғанын да бақылай алады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта жасөспірімдерге сәйкес келмейтін контент туралы ата-анасына хабарлау мүмкіндігі іске қосылмақ.
Бұл жаңашылдықтар TikTok платформасындағы қауіпсіздікті арттырып, балалардың ғаламторда қауіпсіз уақыт өткізуіне бағытталған.
Сурет: Canva