
“ASU BASQOSU”: Жастар бір арнаға тоғысты
Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырып жатқан «Atyrau Students Union» жобасы аясында Махамбет ауданындағы «Wooden House» демалыс орнында «ASU BASQOSU» атты ауқымды жастар шарасы өткізіліп жатыр.

Жоғары және техникалық-кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері үшін жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізу, олардың шығармашылық және коммуникациялық қабілеттерін дамыту, орта қалыптастыру және белсенділіктерін арттыру мақсатында қолға алынған іс-шара бүгін сағат 18:00-де дейін жалғасады. Басқосуға Атырау қаласындағы әртүрлі оқу орындарынан 50-ден астам студент қатысып жатыр. Қатысушылар түрлі командалық ойындарда бақ сынасып, бір-бірімен танысып, командалық рухты арттыруға бағытталған жаттығулар мен креативті тапсырмаларды орындайды. Сонымен қатар студенттік жобалар таныстырылып, қатысушылар өз идеяларын ортаға салады.
Жиын соңында белсенділік танытқан қатысушылар мен үздік командалар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталады.
“Атырау жастары үшін мұндай жобалар – жаңа орта құрып, пайдалы әрі белсенді өмір салтын қалыптастырудың нақты мүмкіндігі. Біз жастардың бос уақытын тиімді өткізуі мен тұлғалық дамуына әрдайым қолдау көрсетеміз”, – дейді «Atyrau Students Union» жобасының координаторы Әйгерім Санахметқызы.
“АSU BASQOSU” – «Atyrau Students Union» жобасы аясында өткізілетін шаралардың бірі ғана. Жоба 2025 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында жүзеге асырылып, жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған түрлі іс-шараларды қамтиды.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА