АСТРАХАН-АТЫРАУ: жаңа автобус рейсі іске қосылды
Ұзақ үзілістен кейін «Астрахан-Атырау» автобус рейсі қайтадан қолға алынды.
Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, жаңа автобустармен Астраханнан Атырауға сегіз сағат ішінде жету мүмкіндігі бар.
Тағы бір ерекшелік, шекарадан кезексіз өтуге жағдай қарастырылған. Негізінен белгіленген уақыт бойынша шекарадағы тексеру, айналып өту қырық минутты құрайды. Ал қазір аталған рейс бойынша шекарадан 20 минтта өтуге болады.
-Жолаушылардың сапары ыңғайлы болуы үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Олар жолда табиғаттың әдемі пейзажын тамашалай алады. Автобус ішінде жолаушылардың таңдауына қарай фильмдер көрсетіледі. Жазда салқындатқыш, қыста жылы пеш жұмыс істейді, — дейді автобус тасымалын ұйымдастырушылар.
Айта кету керек, автобус Астрахан теміржол вокзалынан әр күн сайын сағат 8:00-де және Атыраудан сағат 21:00-де жүреді. Билет құны 2000 рубль, билеттерді +78512-42-50-50 немесе +7988-172-50-50 (WhatsApp) нөмірлері арқылы алдын ала хабарласып, кассаға бармай-ақ брондауға болады.