
Астанадан жеткен алғыс
Өңірге іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев “Атырау-Ақпарат” медиахолдингіне ат басын бұрып, облыстық “Атырау” қоғамдық-саяси газеті редакциясының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында ұжымды бұқаралық ақпарат құралдары қызметкеткерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтап, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Ақ жол” Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтың атынан Алғыс хатпен марапаттады.
Сондай-ақ газеттің бас редакторы Назарбек Қосшиевке ұзақ жылғы қажырлы еңбегі және Қазақстан экономикасының қалыптасуына қосқан жеке үлесі үшін “Еңбегім еліме” құрмет белгісін табыс етті.

Депутат өз сөзінде ұжым мүшелеріне мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда шығармашылық табыс, зор денсаулық пен жоғары жетістіктер тіледі.