Астанада Республика күніне орай 100-ден астам іс-шара өтті
Республика күніне орай Астанада 100-ден астам іс-шара өтті. Мерекелік концерттерден бастап, түрлі автошеру, көрме, «дөңгелек үстел» мен ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер ұйымдастырылды.
Мәселен, орталық алаңда Мемлекеттік филармония мен Жошы ансамблінің әртістері өнер көрсетті. Ал қала тұрғындары арқан тартыс, гір көтеру, асық ату ойындарына белсенді қатысты. Мұндай іс-шаралар қаланың 5 ауданын түгел қамтыды. Әрине, отшашусыз мерекені елестету қиын. Сондықтан Триатлон саябағында мерекелік отшашу шашылды.
Шыргүл Түменбаева, қала тұрғыны:
–Қазақстанның Республика күнін мерекелеп жатқанымен шын жүректен құттықтаймын! Қолға алынған іс-шараларды ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Республика күнін осылай жыл сайын тойлай берейік!
Марат Еслямов, қала тұрғыны:
–Бәрінің көңіл-күйі жоғары. Мереке құтты болсын! Осы қаланың тұрғынымыз. Жылда келеміз. Бәрі ұнайды. Жақсы деңгейде. Еліміз аман болсын, тыныш болсын!
Сурет: akorda.kz