Жарнама
Жаңалықтар

Астанада қала күні қалай атап өтіледі?

Астана күнін тойлауға орай Елордада қандай шаралар өтетіні белгілі болды, — деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл мерекеге орай елордада дәстүрлі түрде жүзден астам түрлі бағыттағы іс-шара ұйымдастырылады. Биыл елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше оқиғалар, концерттер, шоулар, қойылымдар, акциялар, көрмелер, спорттық турнирлер және басқа да көптеген шаралар әзірленіп отыр. Бұл жөнінде қалалық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Мәдениет басқармасының басшысы Жанабай Мейірманқұлов пен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаз бойы демалыс және мереке күндері елордалық саябақтарда «Отбасы Time» балалар шығармашылығы фестивалі өтіп жатыр.

30 маусымда елордада IV Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі салтанатты шеруімен басталды. Фестивальдің мақсаты – халықаралық мәдени байланыстарды нығайту, кәсіби шеберлікті дамыту және қуыршақ театры өнерін насихаттау. Шараға Англия, Аустрия, Қытай, Түркия, Грузия, Испания, Тайланд, Өзбекстан елдері мен Қазақстанның өңірлерінен театр ұжымдары қатысуда. Фестиваль 4 шілдеге дейін жалғасады.

30 маусым мен 6 шілде аралығында Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Дүниежүзілік бокс қауымдастығы World Boxing аясында ерлер мен әйелдер арасында бокстан Әлем кубогы өтуде. Турнирге 31 елден 300-ден астам спортшы қатысуда, оның ішінде барлық 20 салмақ дәрежесінде қазақстандық құрама бар. Финалдық жекпе-жектер 6 шілде күні сағат 14:00-де және 19:00-де өтеді. Кіру тегін.

2 шілдеде Паралимпиада орталығында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында тоғызқұмалақ пен шахматтан турнирлер өтеді.

3 шілдеде Есіл өзенінің жағасындағы Амфитеатр сахнасында «JazzVIBE» концерті ұйымдастырылады. Бағдарламада «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Жастар» сарайының «Жігер» эстрадалық-джаз ансамблі және қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

3 шілде Паралимпиада орталығында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында алғашқы қалалық спартакиада өтеді. Сол күні Б. Саттарханов атындағы спорт кешенінде «Сарайшық» ауданы ұйымдары арасында волейболдан турнир өтеді.

3-5 шілде аралығында Beeline Arena-да қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді.

4 шілдеде Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Аялаған Астана» атты мерекелік концерт өтеді. Сол күні М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында street-art форматындағы «Астанаға арнау» көше фестивалі өтеді.

4 шілдеде «Жастар» сарайында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен «Менің мамандығым – мақтанышым» атты қалалық шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Осы күні Бейбітшілік және келісім сарайында еліміздің үздік әншілері, күйші-жыршылардың қатысуымен «Асыл мұра» атты мерекелік концерт өтеді. Шара барысында халық композиторларының шығармалары орындалады. Концертке еліміздің танымал өнер шеберлері мен шығармашылық ұжымдары қатысады.

«Ғашықтар» саябағында «Астана сақасы» турнирінде асық атудан ең мықтылары анықталады. «Нұржол» бульварында «Асқақтаған Астана!» мерекелік іс-шарасы – Домбыра party ұйымдастырылады, ал «Жетісу» саябағында «QALA FEST» фестивалі мен кітап жәрмеңкесі өтеді.

4 шілде – Зейнеткерлер арасында шахмат турнирі мен «Ғашықтар» аллеясында асық ату жарысы. Сондай-ақ, Байқоңыр ауданының коммуналдық қызметкерлері арасында мини-футбол турнирі өтеді.

4 шілдеде Абай даңғылы бойында орналасқан «Коммуналдық қызметкерлер» скверінің ашылу салтанаты өтеді.

5 шілдеде Триатлон паркінде грек-рим, еркін күрес, дзюдо, қазақ күресі және автошеру қамтылған күрес фестивалі өтеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button