Жарнама
Жаңалықтар

Астана қаласында әуе кеңістігі жабылады

Астана қаласының әуе кеңістігі уақытша жабылады. Жолаушылардың назарына ұсынылған бұл мәліметті республика Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

–Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес елордада 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі.


Осыған байланысты жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруді, сондай-ақ әуе компания мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеруді сұраймыз, — делінген баспасөз хабарламасында.

Қосымша сұрақтар бойынша төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне байланысуға болады:
Air Astana
Алматы: + 7 (727) 244 44 77
Астана: + 7 (7172) 58 44 77
қосымша тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77

SCAT +7 (7252) 99 88 80

Qazaq Air +7 (727) 356 14 14

FlyArystan +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp)

Астана әуежайы +7 (7172) 702–999

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button