Жарнама
ЖаңалықтарСаясатҚоғам

Астана – Елбасының төл туындысы


Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл. «Ел астанасын Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев есімімен атау жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасаған ұсынысты толығымен қолдаймын» дейді «Құрмет белгісі» орденінің иегері, денсаулық сақтау саласының ардагері Тыныштық МӘТЕШОВА.

Ол бұған негіз болатын темірдей төрт қағиданы атап өтті.

– Біріншіден, тоқсаныншы жылдардың тоқырауынан елді сырт күштердің ықпалынан аман алып шыққан Елбасының еңбегі зор, — дейді ардагер «Atr.kz» сайтына берген сұхбатында. – Өйткені, егемендікті енді алған тұста  жаңа қазақ мемлекетіне құлдырау қаупі туған еді. Осындай сын шақта жаңа астана салу сынды күрделі саяси шешім қабылдау оңай емес-ті. Бірақ, Елбасы батыл шешімге бел буды. Себебі, жұртына сенді, елінің кемел келешегіне сенді.

Екіншіден, Астананың бой көтеруіне әуелгі кезде қарсылық білдірген ел азаматтары табылғаны белгілі. Елбасы олармен де сауатты түрде санаса білді. Тіпті, ең жақын деп санаған айналадағы адамдардың өзі мұндай шешімге күмәнмен қарады емес пе?

7bac9f9a8d922e8b40316fdab4952e44

Расмыен де, Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа астана салу жолымен мемлекетіміздің геосаяси кеңістігін қайтадан қалыптастырды.

  • – Үшіншіден, Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында елорданы ауыстырудың терең мағынасын былайша бейнеледі: «Тәуелсіздік алған күннен бастап жаңа жағдай, сол жағдай ерекшеліктерін көлденең тартқан мүлде басқа мемлекеттік ахуал қалыптасты. Қазіргі уақыттың шындығы мен бірқатар геостратегиялық факторлар бізді өз геосаяси кеңістігімізді қайтадан қалыптастыру процесіне жаңа көзқараспен қарауға мәжбүрледі».

Төртіншіден, Елбасы осы Астана арқылы титулды ұлт пен ұлт өкілдерінің арасындағы достық пен ынтымақтың қазақстандық үлгісін әлемге үлгі етті. Сол бірлік пен бітімгерлік, бейбітшілік пен береке-байлық бүгінде халық тұрмысын едәуір жақсартып отыр.

«Мен де Елбасы бастамаларынан қуат алып, Астанаға қарап бой түзедім. Жылыой ауданында қырық жыл бойы денсаулық сақтау саласында табан аудармастан еткен еңбегім бүгінде өз жемісін беріп жатыр. Ауруханалар мен емханаларға заманауи құрылғылар алынып, халық денсаулығын жақсартуға өз септігін тигізуде. Олай болса, Елбасы есімімен ел астанасын атау идеясына толықтай қосыламын» дейді кейіпкеріміз.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button