Жарнама
ЖаңалықтарСаясатҚоғам

«АСТАНАҒА» ҚАЛАЙ ҮЙРЕНСЕК, «НҰР-СҰЛТАН» ДА САНАҒА СІҢІСІП КЕТЕДІ

Atr.kz/ 25 наурыз, 2019 жыл. Елорданың жаңа атауына орай Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі Жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекшісі Фариза КЕНЖЕБАЕВА өз ойымен бөлісті.

– Бүгінгі “Елордамыз – Нұр-Сұлтан” шарасы өте жоғары деңгейде өтті, — дейді ол. – Еліміздің қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Елордамыздың атауын Астанадан Нұр-Сұлтан деп өзгерту  туралы ұсынысы көпшіліктің қолдауына ие болып,  бүкіл Қазақ елі  бұл тарихи шешімді бірауыздан құптап отыр. Себебі, Тұңғыш Президентіміздің еліне сіңірген ерен еңбегі қазіргі және келер жас ұрпақтың жадында мәңгілік орын тебуі үшін, бас қаламыздың Нұр-Сұлтан деп аталуы лайықты әрі орынды қадам болды. Осы арқылы ұзақ жыл еліміздің тірегі болған Президентіміздің есімі өмір бойы тарих сахнасында қалады деп ойлаймын.

Жалпы, осы күнге дейін астанамыздың Астана деп аталып келгенін кейбір адамдар  ыңғайсыз көріп, ол туралы бастапқы кезде баспасөз беттерінде де жариялап жүрді. Артынан көп уақыт өтпей Астана атауы халық арасына сіңісті болып кетті. Осы тәрізді, астанамыздың алған жаңа атауын  бәзбіреулер құптап жатпаған да шығар, бірақ, алдағы уақытта барлығымыз осы атауға үйреніп кетеміз деген ойдамын. Ал, менің өз жеке басыма астанамыздың Нұр-Сұлтан деп өзгертілуі өте ұнап жатыр. Нұр-Сұлтан – жасампаздық үлгісі, ең бастысы – Елбасы еңбегінің жемісі.

Мұратбек  ЖАҢАБАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button