Атырауда 3,5 миллиондай шабақ құтқарылды

ararararara Жаңалықтар

Atr.kz/21 тамыз, 2020 жыл. Құрманғазы ауданы аумағында шамамен 3,5 миллиондай шабақ құтқарылды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бүгін, яғни, 20 тамызда Құрманғазы ауданының Бірлік ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылы тұсындағы Ржанау сайына көктемде келетін судың тартылуы салдарынан шағын көлшік бөлініп қалған. Ондағы сазан және мөңке балықтарының шабақтарын құтқару үшін шұғыл шаралар қолға алынды.

Шараға жергілікті атқарушы орган, жануарлар дүниесін қорғау мекемесі қызметкерлері,  ауылдың ерікті жастары,  «Каспий балық» және «Амангелді» табиғат пайдалуанушылар қызметкерлері бар барлығы 60 адам жұмылдырылды.

Соның арқасында   шамамен 3 миллиондай шабақ құтқарылып,  Қиғаш өзеніне жіберілді.

engnegege
raraprapra
araporpopoporpoprp
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз