Жарнама
Жаңалықтар

Әскерилер Атырауға көмекке келе жатыр

Әскери құрылымның 281 қызметкері Оралдан Атырау облысына көмекке аттанды. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

-БҚО көлемінде табиғи апат орын алып, өңір бойынша төтенше жағдай режимі енгізілгенде өзге аймақтардан әскери құрылымдардың, оның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық Ұланның, Шекара қызметінің жеке құрамдары тасқынға қарсы күресуге атсалысты.

Бүгінде көрші облыс көлемінде су тасқынына қатысты жағдай тұрақталып, Жайық өзенінің деңгейі қауіпті межеден түсіп келеді.

Енді кезекте бүгін Қызылорда мен Маңғыстау облыстарының Төтенше жағдай департаменттерінің және Қарағанды облысының 52859 әскери бөлімшесінің әскерлері Жайық өзенінің төменгі ағысында орналасқан Атырау облысына көмекке келе жатыр, — дейді Ж.Орақұлы.

Айта кету керек, жолға жиналған 281 әскери қызметкерді шығарып салу рәсімінде БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов облыс әкімі Нариман Төреғалиұлының атынан қиын сәтте қолдау білдіргендері үшін әскери мамандарға ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттар табыс етті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button