ӘСКЕРИ ЗАУЫТ ӘЛЕУЕТІ
Осындай жоба Орта Азияда алғаш рет жүзеге асырылуда және жоғарғы табысты бірлескен кәсіпорын құруға, қорғаныс және машина жасау өнеркәсібінің олқылықтарын сапалы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауыты жылына 120 броньды доңғалақты көлік шығаруға қауқарлы. Заманауи жоғарғы технологиялық тиімді жабдықтар бірқатар жұмыстарды атқара алады, атап айтқанда, металл парақтарын лазермен пішу, броньды парақтарды балқыту, жабындарына лак-баяулар жағу, жинастыру, сапасын қатаң бақылауға алу сияқты жұмыстарды толығымен жүзеге асырады. Зауыттың техникалық жабдықталуы әскери және азаматтық мақсаттағы доңғалақты техникаларды өндіру ауқымындағы міндеттерді кеңінен шешеді деп күтілуде.
Кәсіпорындағы құрастыру бөлімдері мен қызмет көрсету орталықтары тапсырыс берушілердің талаптарына сәйкес машиналарды әрі қарай жаңа үлгілерін әзірлеуге және жаңғыртуға, техникалық қамтамасыз етуге ықпал етеді. Зауыттан өндірілетін барлық техника халықаралық стандарт негізінде жасалатындықтан, өнімді Қазақстанның өзінде де, сонымен қатар, шетелде де айналымға жіберуге болады. Қазақстандағы өндіріске ұсынылып отырған броньды доңғалақты машина барлық көрсеткіштері бойынша үздіктердің бірі болады деп жорамалданып отыр.
Зауытта өндірілетін барлық өнім халықаралық стандарт негізінде жасалатындықтан, оны Қазақстанның ішінде де, сыртқы нарықтарда да өткізуге мүмкіндік бар.
Кәсіпорында 150 жұмыс орны пайда болып, 55 инженер мен техника саласындағы мамандар Қазақстанда және шетелде оқытылды. Жобаны «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстан инжиниринг Дистрибьюшн» ЖШС және «Парамаунт групп» компаниясы (ОАР) жүзеге асыруда.
«Парамаунт групп» жаһандық қорғаныс, бітімгершілік күштері және ішкі қауіпсіздік үшін интеграцияланған шешімдерді қамтамасыз ететін ірі аэроғарыш және қорғаныс компаниясы болып саналады.