Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Әскери қызметшілерге берілетін қаражат 30 пайызға артады

Қазақстанда әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлем 3 жыл ішінде 30 пайызға артады.

Бұл жайында Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.

– Қорғаныс министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, 2021 жылғы 1 қарашаға дейін Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы идеологиялық жұмыстардың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ол әскерилерді әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғау мәселесіне тоқталды. Президент келесі жылдан бастап күштік құрылымдарға арналған азық-түлікке бөлінетін қаржы көлемі артатынын, алдағы 3 жыл ішінде әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлемді орташа есеппен 30 пайызға көбейту туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

«ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button