Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғам

Әскери міндеттілерге еңбекақы төленеді

Atr.kz/3 сәуір, 2020 жыл. Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 2 сәуір күні № 296 «Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. 

Жарлыққа сәйкес, арнаулы жиынға шақырылатын әскерилердің санын жергілікті билік анықтайды.  
Ең алдымен шақыруға —  елге өз бетінше көмектесіп,  қиын жағдайда қоғамды қолдауға,  өз күш-жігерін жұмсауға мүдделі  адамдар тартылмақ. 

Аталмыш жиындардың негізгі мақсаты — халықтың денсаулығын қорғау. Сол себепті, әскери міндеттілер медициналық қызметтерді, оның ішінде дезинфекциялау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ететін болады. Сонымен қатар, жекелеген өңірлерде жиындарға шақырылған азаматтар — тасқынмен күреске, елді мекендерде және бекеттерде құқықтық тәртіпті күзетуге де жәрдем көрсетеді.

Сондай-ақ жиын кезінде әскери міндеттілердің жұмыс орындары мен олардың лауазымдары сақталып, жұмыс орны бойынша  оларға еңбекақы төленеді.  Мәселен, әскери шақыртуға дейін әскери міндеттінің жалақысы 200 мың теңге болса, арнаулы жиынның әр айында сол соманы алатын болады. Ал, жұмыс істемейтіндерге ең төменгі жалақы берілмек.

Айта кетейік, әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру мерзімі 3 айға созылуы мүмкін. Ең азы  10 күнге дейін. Дегенмен, нақты мерзімі аймақ басшысының шешіміне байланысты тағайындалады.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-alty-adam-karantin-auma%d2%93ynan-za%d2%a3syz-shy%d2%9bpa%d2%9b-bol%d2%93an/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button