Жарнама
ЖаңалықтарБілімҚұқық

Әскерге барғандарға – тегін грант

Облыс орталығындағы 5546 әскери бөлімшеде борышын өтеп жүрген үздік  12 сарбаз жоғары оқу орнында тегін білім алады.

  – Ер-азаматтың Отан алдындағы борышын өтеуі ­– абыройлы іс.  Әскерде жеке қасиеттеріне, үлгілі тәртібіне және мерзімді әскери қызметін өтеу кезінде жауынгерлік даярлық нәтижелері бойынша үздік шыққан жекелеген әскерилерге жоғары оқу орны есебінен тегін білім алу мүмкіндігі беріліп отыр. Жалпы, бұл бұрыннан бар тәжірибе, кеңес кезінде қолданылған, әлемде де бар, өзін-өзі ақтаған тәсіл. Ендеше, осының арқасында әскерден қашатындар саны күрт азайып, керісінше армия қатарына ұмтылғандар қатары еселеп артуы мүмкін, — деген әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Азамат Сәлімжанов сарбаздар Нұржан Жәлел, Нұрдәулет Бөрібай, Нұрсұлтан Кәдірбаев, Бекжан Ақберді, Нұржан Бектөре, Бақытжан Тәңірберген, Темірлан Бауыржанов, Нұрбол Серік, Бағылан Жақсылықов, Сирожиддин Фатуллаев, Бекзат Қуандықов және Ильяс Шахантаевтарға  жолдама табыстады. 

Енді грант иегерлері бір айдан соң Алматы облысындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының студенті атанады.

Шымкенттік Нұржан Жәлел – аталған жолдама иегерлерінің бірі. «Көпбалалы отбасылардың біріміз. Расында, елге оралған соң қайда барып, немен айналысатынымды бағдарлап жүрген едім. Бәрімізді бірдей оқыту анама қиын тиетіні де анық-тұғын. Бүгінгі ақжолтай хабар ерекше көмек болғалы тұр. Бұл жаңалыққа, алдымен, анам қуанды» деп қуанышымен бөлісті.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button