Ашық сайлау өткізуге барлық жағдай бар
Atr.kz/ 9 сәуір, 2019 жыл. «Қасым-Жомарт Кемелұлының кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі бұл шешімді қабылдауын барша қазақстандықтар қолдап отыр» деді Атырау бизнес және құқық колледжінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Нұрлы Әйтиева Atr.kz-ге берген сұхбатында.
«Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Елбасының сара жолын сабақтастықпен жалғастырушы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та ұлттар мен этнос өкілдерінің Конституциялық құқықтарын толық пайдалануына мүмкіндік беріп отыр.
Президент қол қойған Жарлықта атап көрсетілгеніндей, еліміздегі тиісті органдар сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасақтап, оның дұрыстығын қамтамасыз ету, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсету арқылы әділ, әрі ашық сайлау өткізуге барлық жағдай бар» деді спикер Atr.kz -ге берген сұхбатында.
Бақытжан ЖҰМАТ