Қашаған кенішінен – 3 млн.тонна мұнай

ffc5999fe9ebdb78dbfc821d6bd Жаңалықтар

Бұл туралы Қазақстан мұнайшылар-геологтар қоғамының президенті Балтабек Қуандықов мәлім етті. Мұнда алғашқы миллионшы өнім биылғы Наурыз мерекесі қарсаңында алынған-ды. Енді, міне, кезекті еңбек жеңісіне қол жеткізілді.

ffc5999fe9ebdb78dbfc821d6bd

Солтүстік Каспий жобасына қатысушылар жыл соңына дейін өнім өндіру көлемін 8 млн. тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Қазір мұнда тәулігіне 200 мың баррель мұнай алынуда. Қабат қайтарымын одан әрі арттыру үшін ілеспе газды кейін айдау нәтижесінде бұл көрсеткіш 370 мыңға жеткізілмек. Ал, Қашаған кенішін игеру шырқау шыңына жеткенде тәулігіне 1,5 млн. баррель «қара алтын» өндіріледі.

Меңдібай СҮМЕСІНОВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз