Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Әсет Оразғалиев Атыраудың жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары саласына жауап береді

Аtr.kz/25 сәуір, 2019 жыл.  Бүгін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс активіне өз өкімімен тағайындалған облыстық  жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиевты таныстырды.

     Әсет Оразғалиев 2003 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, 2008 жылы Атырау мұнай және газ институтын тәмамдаған. 2003-2010 жылдар аралығында Атырау өрт сөндіру қызметінде, ​облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, «Атыраунефтемаш» кәсіпорнында теxника қауіпсіздігі жөніндегі инженер болды.

IMG 20190425 WA0023

   2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасында бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

    Нұрлан Асқарұлы басқарма басшысы Әсет Оразғалиевке «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру, «Атырау — Астраxан» айналма жолын салу міндеті тұрғандығын атап  айтты.

   ­– Аудандарда да атқарылатын шаруалар аз емес. «Атырау — Маxамбет», «Атырау — Қарабатан» жолдарын кеңейту қажет. Елбасының Атырауға сапары кезінде «Атырау — Орал» тас жолын қайта жөндеу жобасы мақұлданған болатын. Махамбет ауылынан әрі қарай сол жолды жөндеу, жолаушылар тасымалын жақсартуда жауапты жұмыстар тұр. Бүгінде Семейден 91 автобус әкелінді. ТШО компаниясының демеушілігімен Қостанайдан 50 автобус жеткізілді. Бұдан бөлек, жолаушы тасымалын жақсарту үшін  қосымша 100 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр,- деді аймақ басшысы.

            Бақытжан ХАМИТҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button