Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

«АSAR» тұңғыш республикалық үшжақты ынтымақтастық форумы өз мәресіне жетті (ФОТО)

Өңірде «Үкіметтік емес ұйым – Мемлекет – Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» тақырыбында бастау алған жиынның қорытынды кезеңі «APEC PetroTechnic Жоғары колледжінде» жалғасын тапты. Шараға облыс орталығынан бөлек, шалғай ауылдардан келген кәсіпкерлердің, жаңадан іс бастағандар мен бастағысы келетіндердің қарасы көп болды.

20171031180654

Бұл күні кәсіпкерлік саласында өз қолтаңбасы бар іскер азаматтар мол тәжірибелерімен бөлісіп, осыдан екі жыл бұрын аймақта қолға алына бастаған «әлеуметтік кәсіпкерлік» аясында «case-study» семинарлары мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырды, интерактивті дәрістер оқыды.

20171031180639

Солардың бірі – «Жарқыра» бағдарламасының коуч-үйлестірушісі, белгілі кәсіпкер-жаттықтырушы Асқар Секербаев пайдалы кеңестер беріп, құнды деректер келтірді. Айта кетейік, аталмыш бағдарлама «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Ал, әлеуметтік бизнестің жемісін татып үлгерген Атырау қаласы мен Жылыой ауданындағы бағдарлама қатысушылары табыстың сырын айтып, әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға шақырды. (Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар. Авт.)

ЕАС 154

Сонымен бірге, «Almaty Management Unіversity» жоғары оқу орнының бірінші проректоры Алмагүл Қанағатова «Әлеуметтік кәсіпкерліктің Impact-кейстері», «Біздің болашақ» қорының атқарушы директорының орынбасары Евгений Рахновский «Әлеуметтік инновациялар: әлемдік трендтер», «Baribirge.kz» краудфандинг алаңының бас директоры Анна Таджмуратова «Краудфандинг: қаражатты тарту технологиясы» атты шеберлік сабақтарын өткізді.

ЕАС 388

«Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі ассоциация» өкілі Абай Мырхин «Үкіметтік емес ұйым мен бизнестің өзара әрекеттерінің инновациялық тәжірибелері», «Zertteu Research Institute» қоғамдық қорының өкілі Шолпан Айтенова «Жергілікті өзін-өзі басқаруға көшу жағдайындағы үкіметтік емес ұйым және бизнестің өзара іс-қимылы» тақырыбында интерактивті дәрістер оқыды. Ал, Қазақстан Республикасындағы халықаралық жастар қоры өкілдігінің және «Заңғар» жобасының директоры Әсем Сатмұхамбетова, аталған өкілдіктің бағдарлама менеджері Мейіргүл Алпысбаева «Жобалық менеджмент: әлеуметтік жобаны жоспарлаудың кезеңдері» атты «case-study» семинарлар ұйымдастырды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button