Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қасапханалардағы мал қалай сойылып жатыр?

Атырау базарларында негізінен токпен өлтірілген мал еті сатылады. Осы мәселені айтып дабыл қаққан облыстың бас имамы Батыржан Мансұров ислам дінінің басты талабы – адал ас екендігін еске салды.

сиыр 1

Облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысында баяндама жасаған орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан қажы Мансұров «бір өкініштісі, бүгінгі таңда базарларымыздағы және мал шалынатын орындардағы еттің дені «бисмилласыз» сойылып, токпен өлтірілген мал еті өнімдері. Демек, бұл істің мүмкіндігінше шариғат талаптарына сай келуіне көңіл бөлінуі керек» деп айтты бас имам.

сиыр

Осы ретте облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мал сою пункттеріндегі жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыру бұған дейін де тапсырылғанын айтып, тиісті орындарға қасапханаларды адал стандартқа көшіру шараларын жеделдетуді міндеттеді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button