Жарнама
Жаңалықтар

Асан ауылында жаңа мәдениет үйі салынып жатыр

Құрманғазы ауданына қарасты Асан ауылдық округінде 100 орындық жаңа мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба – жергілікті тұрғындардың мәдени сұранысын қамтамасыз ету және шығармашылық бағыттағы жұмыстарды дамыту мақсатында жүзеге асуда.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары өткен жылдың соңында басталып, 2025 жылдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

–Бір қабатты жаңа клуб ғимаратында 100 орындық сахналы көрермен залы, гардеробы бар кең фойе, өнерпаздарға арналған бөлмелер, 17 орындық кітапхана, клуб мүшелерінің дайындық бөлмелері, киім-кешек сақтау қоймасы және мәдениет үйі әкімшілігіне арналған кеңсе бөлмелері қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын «ҚұрылысТаймКонтракт» ЖШС жүзеге асыруда, — делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Асан ауылдық округіне Асан және Үштаған елдімекендері кіреді. Мұндағы тұрғындар саны – 1084 адам. Бұған дейін округте тұрақты мәдениет үйі болмаған.

Жоба аяқталған соң ауыл тұрғындары үшін мәдени шараларға қатысу, өнермен айналысу және бос уақытты тиімді өткізу мүмкіндіктері арта түспек.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button