Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Асқар Бопылдықовтың атында «Atyrau CUP ІII» республикалық пікірсайыс өтті

Аtr.kz/30 сәуір, 2019 жыл. Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі. Ал, бүгінде шешендік өнердің бір түрі – пікірсайыс.

Осы ретте, 27-28 сəуір күндері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде  Бопылдықов Асқар Төребайұлы атындағы «Atyrau CUP ІII » студенттер арасындағы республикалық пікірсайыс турнир өтті. Бұл шара Атырау қаласының жастар ресурстық орталығының қолдауымен және «Жеті жарғы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.

Турнирдің мақсаты – жастар арасында патриоттық сезім мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, сыни және логикалық тұрғыда ойлау, сендіре білу қабілеттерін дамыту, шешендік шеберліктерін дамыту, нақты мәселелердің шешу жолдары мен механизмдерін қалыптастыру, жастар арасында парламентшілік дағдыларды игеруге көмек болатын саяси мәдениетті қалыптастыру, жаңа, тың пікірлермен бөлісу, тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау.

          Қазіргі кезде, пікірсайыс жастардың ойлау қабілеттерін шыңдайтын, ораторлық мүмкіндігін дамытатын, белсенді азаматтық көзқарасқалыптастыруда және өз ойын ашық білдіруге, сенімділікке, шешендік өнерге,жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жастардың көп қызығушылық білдіретін саласы. Пікірсайыс турнирі осы уақытқа дейін бірнеше мәрте ұйымдастырылып, жастар арасында үлкен сұранысқа ие болған..

          Осымен үшінші мәрте дәстүрлі түрде өтіп отырған сайысқа Ақтөбе, Орал,Ақтау, Алматы, Қостанай және Павлодар қалаларындағы жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған 28 командадан құралған 56 қатысушы қатысып, бақтары мен баптарын сынады. Екі күнге созылған турнир барысында әлемдегі экономикалық, саяси, әлеуметтік мәселелер талқыланып жастар тарапынан түрлі шешімдер айтылды. Республиканың мен деген пікірсайысшылары турнирдің көркін қыздырып, өз өнерлерін ортаға салды. Берілген уақытты тиімді пайдаланып қарсылас командаға құрметпен қарау басты талаптарының бірі болды.Турнирдің бірінші күні британдық парламенттік форматпен басталды.

cyfXS60eLM

          Турнирдің екінші күні іріктеуден өткен командалар əрі қарай ойынды АПФ ( америкалық парламенттік форматымен)  жалғастырды.Мұнымен қоса үздік  пікірсайысшыны анықтау үшін ЛД (Линкольн Дуглас) форматында ) ойындар жүргізілді.

          Турнир аясында белгілі медиа тренер-ІТ аналитик, «Қазақстан» РТРК интернет-бөлімінің бастығы Тимур Бектұрдың студенттермен кездесуі өтеді. Лекция «VUCA-әлем деген не және оған қалай дайын болу керек?» тақырыбымен өтті.

          Пікірсайысқа қатысқан команда мүшелері ұсынылған тақырыптар аясында өздерінің шешендік сөйлеу мәнерін көрсетіп, ақыл-ой таразысы сынға түскен сәттерде тапқырлық таныта білді. Сайыскерлер жеке тұлға болып қалыптасу үшін үздіксіз білім алу мен тілдерді меңгеру, ішкі рухани мүмкіндіктерін барынша пайдалану, өмірге бейімделу және стратегиялық мақсат құра білу сияқты қасиеттер жастарға қажет екенін нақты талдап көрсетті.

          Екі күнге созылған турнир қорытындысы бойынша «Жас буындар» (Алматы,Ақтөбе)  тобы өзгелерден үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Ал, екінші орынды «Үмбетжан үшін»  (Алматы,Орал) командасы иеленсе, жүлделі үшінші орын «Абылайхан»  (Ақтөбе) фракциясына бұйырды. Ал көптің ішінен топ жарып, өзінің озық ойымен алға шығып, «Үздік спикер» аталымы кубогын жеңіп алған Қазақ ұлттық университетінің студенті  Өмірзақ Нұртуған (Алматы)  лайық деп танылды. Жеңімпаздар арнайы кубокпен және 300 мың теңге жүлде қорымен марапатталды. 

          Турнир барысында дебат ойындарынан басқа,  концерттік бағдарламалар, түрлі интеллектуалды ойындар болып өтті, және де қорытынды кеште арнайы балл кеші ұйымдастырылып, дастархан жайылды. Әр аймақтан келген қонақтар күтіп алған гидтермен, ұйымдастырушы коммитетке ризашылықтарын, университет тарапына алғысын білдіруде.

Аида БАЗАРБАЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button