Арзан несиені қалай алуға болады?
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова екінші деңгейлі банктерден арзан кредитті қалай алуға болатынын айтты, деп хабарлайды «Sputnik Қазақстан» тілшісі.
Ибрагимованың айтуынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жуырда қолжетімді кредит алуға қатысты анализ жүргізген. «Ең алдымен, баспана алғысы келетін адамның басқа банктерде кредиті болмауы керек. Сол себепті ипотека алу үшін банкке жүгінбес бұрын, барлық тұтунышылық кредитіңізді жабуға кеңес береміз. Оның ішіне кредиттік картадағы кредиттер де кіреді. Ең үлкен проблема – тұрмысы төмен азаматтарда тұтунышылық кредиттің болуы», — дейді «ТҮҚЖБ» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимов үкімет үйінде тұрғын үй қолжетімділігі мен сапасын арттыруға қатысты брифингте.
Ол бірінші кредиттік бюроның статистикасын келтірді. Оған сәйкес, Қазақстанда 6 миллионға жуық адамның тұтынушылық кредиті бар екен. Яғни, олар айфон, тұрмыстық техника және тағы басқаларын несиеге сатып алған. Тиісінше, осы адамдарға түрлі ипотекалық бағдарламаларға қатысу үшін, ең алдымен, кредиттерін жабуы керек.
Осы орайда Ләззат Ибрагимова ипотеканың кімге беріліп-берілмейтіні қалай шешілетінін түсіндірді.
«Отбасының орташа табысын сол үйдегі әр жанға бөлеміз. Сонда отбасының бір мүшесіне қанша табыстан келетіні шығады. Содан кейін отбасының ипотеканы төлеп-төлей алмайтыны қаралады. Барлық банктің нормативі бойынша, ай сайын ипотеканы төлегеннен кейін, сіздің табысыңыздың 50 проценті сіздің күнкөрісіңізге қалуы керек. Тамақ ішуге, балаларды мектепке апаруға, киіндіруге және тағы басқа», —деді ол.
Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/society/20190117/8893875/baspana-bank-kredit.html