Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Арыстағы апат: эвакуациялық пункттерде 24 мыңнан астам адам жатыр (+ФОТО)

Atr.kz/26 маусым, 2019 жыл. Арыс қаласындағы жағдай тұрақты. Қазіргі кезде қаланы тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Төтенше жағдайдан зардап шеккен халықтың да жағдайы қалыпты. Бұл туралы бүгін облыстық штаб мүшелері мәлімдеді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Арыс қаласының маңындағы Ақжол ауылы, Жамбыл атындағы мектепте орналасқан облыстық штабта өткен брифингке Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков, Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қатысты. Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен азаматтармен жұмыс жүргізу және қолдау көрсету мақсатында құрылған арнайы жедел штаб қазіргі таңда толыққанды жұмыс жүргізуде. Эвакуациялық пункттерде 24 мыңнан астам адам тіркелді.

Оның ішінде: Шымкент қаласында 20 мың, Түркістан облысының аудандарында 4 мыңнан астам адам тиісті көмек алып жатыр. Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы мен Шымкент қаласында 70-ке жуық қоныстану орталықтары жұмыс істеп жатыр. Халық орналасқан орта мектеп, колледж, балабақша, мектеп-интернаттарда эвакуацияланған азаматтарға барлық қажетті жағдайлар жасалған.

03d21a3092184fa80e36d90c690710c6 1

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев күні кеше Түркістан облысында «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорында арнайы есеп-шот ашылғанын хабарлады.

 «Үш күннен бері аталған қорға республикамыздың түкпір-түкпірінен отаншыл және жомарт жүректі азаматтар қаржыларын аударып жатыр. 26 маусымдағы мәлімет бойынша қорға түскен қаржы көлемі 225 миллион теңгеге жетті», — деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары.

Эвакуация кезінде 200-ге жуық бала ата-анасынан адасып қалған болатын. Олардың барлығы да бүгінгі күні отбасымен қауышыпты. «Қазіргі уақытта бұл бағытта арыз-шағым түсіп жатқан жоқ. Сондықтан да, ата-анасынан, отбасынан адасып қалған балалар жоқ деп айта аламыз. Өңірдің кәсіпкерлері төтенше жағдайдан зардап шеккендерге ақшалай және заттай көмек көрсетуге әзір екендерін айтады, әрі іс-жүзінде бастапта жіберді. Одан бөлек, қабылдау пунктеріне келген жандарды ыстық тамақпен, киім кешекпен қамту, балаларына ойыншықтар алып беру және өзге де күнделікті тұтыну тауарларымен қамту істеріне жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер өз үлестерін қосып жатыр», — деді Ұласбек Сәдібекұлы.

 Нұр-Сұлтан қаласынан бастап, облыс орталықтарында, шалғайдағы аудан орталықтары мен қалалаларда, ауылдарда штаб пәтерлер орналасып, көмек қорлары жиналып жатыр. Кешегі күні Қарағанды мен Қызылорда облысынан азық-түлік және тұрмыстық заттар жеткізілген. Атырау және Жамбыл облыстарынан жөнелтілген гуманитарлық көмек жолда.

4b2b4c4d1c0ba6e4b428ae17eedeec74
7acb64282c89e38963853bf73fc69202
df870bf48512bb9764a26b6fbcafcc55
0e801fa0c2504fad2bb30d440b0c645d
e5f393a95d53f037c20d856ff430cec7
f4345902b55a3f2123c84eea5c5ce066
e49be0742a034423be5cc54e233fac30 1
78860466260eb40a1109c29b7ae648d6
98f5024a2d6acbdce531258be746744f
a56fbce8256bb508846f2a8639958725 1
1e248aa8f3fa7776d448051e987014ca
Фото — Тengrinews.kz.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button