
Артық тариф төлемі қайтарылады
Atr.kz/12 қараша, 2019 жыл. Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің мәліметтеріне қарағанда, «Қалалық тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС биылғы 1 желтоқсаннан бастап жылу тарифін төрттен бір есеге төмендетпек.
Бұл аталған серіктестіктің бекітілген тарифтік сметаны игермеуіне байланысты алынып отырған шара көрінеді. Осылайша, биылғы желтоқсанның бірінен келер жылғы қараша айының 30-на дейінгі аралықта тұтынушылардың берілген 1 Гкал жылу қуаты үшін
төлейтін ақысы 2 618 теңге көлемінде белгіленген. Нақтырақ айтқанда, бұрын бекітілген тарифтің 25 пайызға төмендетілуімен
байланысты, бір жыл бойына жалпы сомасы 21,8 млн. теңге қаражат тұтынушыларға қайтарылатын болады.