Жарнама
ЖаңалықтарСаясатЭкономика

Арнайы топ – Атырауда

Республикалық мониторингтік топ іссапармен Атырауға келді. Құрамында – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин, Алдан Менкеев, Ырза Тұрсынзада және Рафаэль Гасанов бар.

IMG-20181029-WA0002

Мақсат – «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Жолдауының «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» деген тоғызыншы бағытындағы міндеттерді іске асыру тетіктерін талқылау. Топ мүшелері Жылыой, Мақат аудандары мен Атырау қаласындағы мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Атап айтқанда, олар – кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде пайдалануға берілген «Металлопродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің метал өнімдерін шығару зауыты, балабақша, орталық аурухана ғимараттары мен «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңіберінде іске қосылған «Elegant» тігін ательесі.

Сондай-ақ, Мақат ауданында өткен мемлекеттік қызметшілермен кездесуде Арман Тілектесұлы қызметтің басым бағыттарын атап өтті. Аталған саладағы өзекті мәселелерді көтерді. Факторлы-баллдық шкала арқылы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеудің жаңа  жүйесі түсіндірілді. Игі бастама әзірге пилоттық режимде енгізілген. Ал, Алдан Менкеев өз сөзінде аудан тұрғындарын жемқорлықтың кез келген көрінісіне белсенді түрде қарсы тұруға шақырды. Осынау қоғамдық дертпен күресу үшін барлық ресурстарды пайдалану қажеттігін ескертті.

Осыдан кейін арнайы топ Атырау қаласындағы көші-қон қызметінің сервистік орталығының қызметімен танысты. Сол секілді, білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында Атырау мемлекеттік университетінің студенттерімен еркін пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

IMG-20181029-WA0004

Назым ӘЛІПМҰРАТОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button