Арнаулы кәсіптік әлеуметтік төлем туралы түсіндірілуде
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жұмысшы топ құрамымен бірлесе отырып, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге «Арнаулы кәсіптік әлеуметтік төлемнің» енгізілуіне орай 20 мекемеге түсінік жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Арнаулы әлеуметтік төлем 55 жасқа толған және кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы жарналары төленген, сондай-ақ зиянды еңбек жағдайында еңбек етіп жатқан немесе 55 жасқа толып, алайда зейнет жасына жетпей жұмыстағы қызметін тоқтатқан жұмысшыларға беріледі.
Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы 2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап еңгізіліп, бүгінде облыс бойынша мемлекеттік қызмет алушы 11 адамға тағайындалды. Аталған жәрдемақы төрт қаржыландыру көзінен жүзеге асырылады. Атап айтсақ, республикалық бюджеттен ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде 86814 теңге, өмірді сақтандыру компанияларынан ең төмен күнкөріс деңгейінде 43407 теңге, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде 43407 теңге, осы қаражатты құрағанда 173 мың теңге шамасында болады.
Сонымен қатар Үкіметтің қаулысымен бекітілген тәртіппен, қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төртінші төлемі бойынша жүзеге асырылатынын төлем. Оның мөлшері әркімде әртүрлі болады. Ал зейнет жасына жетпей жұмыстағы қызметін тоқтатқан жұмысшыларға төлем екі қаржыландыру көзінен ғана беріледі. Олар республикалық бюджеттен ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшеріндегі сома және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төртінші төлемі бойынша жүзеге асырылатынын төлем.
Айта кетейік, жәрдеманы тағайындауға жүгіну «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы арқылы немесе проактивті қызмет түрінде кез-келген уақытта жүзеге асырылады.