Армандар «Даму» қорымен бірге орындалады
Гүлбану Гайдарова бала күнінен қуыршақтарға арнап ақ пердеден той көйлектерін тіккенді ұнататын, кейін бұл хоббиге айналып болашағын алдын ала белгілеген.
Бастауыш сыныптар үшін ағылшын тілімұғалімі мамандығы бойынша колледждіойдағыдай тәмамдаған Гүлбануға мамандыққатаңдау жасау керек болды. Әйтсе де, сұлукеліндердің образдарын жасауға дегенсүйіспеншілігі бар қорқынышын жеңіп, ақырысүйікті ісімен айналысуға бел буды.
Кәсіпкердің айтуынша: — «Өз тойыма ақ көйлекпен сәукеле тіктім, қонақтардың таңданысы мен таңқалысы мені ұлттық нақышта той көйлек тігубойынша жеке шеберханамды ашуға итермелеп, болашақ келіндер «Сырға салу» және «Ұзатуға» ұлттық киімдерге тапсырыс бере бастады.
Бүгінде Гүлбану Гайдарова он бір жылдан берітабысты кәсіпкер болып табылады, оның Батысөңірінде, Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбе,қалаларында бірнеше той салондары бар.
«Гайдарова» ЖК киім-кешек ғимаратын салу жобасы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту»жобасының 2-бағыты шеңберінде жылдық 19,5% субсидиялау бөлігінде мақұлданды, мұндамемлекет арқылы субсидияланатын бөлігі 14,5% құрады, ал кәсіпкер 5% айырмашылықты төлейді. Қордың кепілдігі 30,1 млн теңгені құрады.
«Гайдарова» ЖК алдағы уақытта штаттыкөбейтіп, сол арқылы жаңа жұмыс орындарынашып, халық сұранысына сай ұлттық киімдер, той көйлектерін шығаруды көздеп отыр.
Атырау қаласы
Атырау мөлтігі ул Грибоедова,13
тел:87789911592
инстаграм:@erkesylkym_atyrau