Жарнама
"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!Жаңалықтар

Әріптестер әлемі

Баршаны бауырға басатын қасиетіміздің арқасында елімізде түрлі ұлт өкілдері берекелі өмір сүріп жатыр. Осындай ынтымақ, бірлік журналистер арасында да байқалады. Айтулы мереке қарсаңында жүзі басқа, тілегі бір жандарға «Бірлік, тұрақтылық ұғымын қалай түсінесіз?» деп сауал қойып, әріптестер әлеміне үңіліп көрген едік.

img 20210501 wa0002

Анжела КИМ, облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің аға тілшісі:

Біз отбасымызбен Ақсай елді мекенінде тұрғанбыз. Ата-анамыз сондағы құс фабрикасында еңбек ететін. Олардың қазақ халқымен аралас-құралас, қандай тірлікті де бірлесіп, жұмыла көтеретінін көріп өстік. Өмірдегі қандай жағдайда да бірін-бірі қолдап, қамқорлап отыратын. Әр ұлттың мерекелерін бөліп-жармай, атап өту қалыпты жағдайға айналған. Әлі күнге дейін анамның пісірген бауырсағын, көжесі мен қайнатқан құртын есіме алып, балалық шағымның ең бақытты сәттеріне ойша саяхаттап келемін. Ауылда мектеп болмағандықтан, қаладағы мектепте орысша білім алдым. Сыныптастарым түрлі ұлттың ұл-қыздары болатын. Олармен үнемі қазақша сөйлесетінбіз. Ал, інім Александр балабақшаны да, мектепті де қазақша бітірді. Қазақ қызына үйленіп, құдандалы болдық. Әрине, қыздың жағы басында «күйеу бала кәріс екен» деп тосырқай қарағаны шын. Дегенмен кейін інімнің қазақшаны таза сөйлейтінін, қазақтың тәрбиесін көргенін, адамгершілігін байқағасын «бұл біздің бала» деп бауырларына тартты. Осылайша отасқан олар ұрпақ өсіріп, мәуелі бәйтерекке айналып отыр. Қазір қазақ тілін білу қажеттілікке айналды. Оны түсінетінімнің күнделікті өмірде көп көмегі тиіп жүр. Жұмыс барысында баспасөз релиздерін орысшаға қиналмай аударамын. Қажетті мәліметтерді де осы тілде аламын. Сондықтан онлайн курсқа жазылып, қазақша еркін сөйлеп үйренуді мақсат еттім. Ұжымдағы әріптестер бір үйдің баласындай біріге еңбек етіп, ақпарат саласының өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Бірлік пен тұрақтылық деген осы емес пе?!

img 20210501 wa0004

Светлана НОВАК, облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бөлім меңгерушісі:

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»…

Дана Абайдың бұл сөзі қазір де құндылығын жойған жоқ. Дархан даласындай көңілі кең Қазақ елі көптеген өзге ұлт өкілдерін бауырына басты. Мемлекеттің халқы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді. Қазақтармен бауырдай болып кеткен мен де осында өсіп, мектепті бітірдім. Жоғары кәсіби білімді мамандығым мен сүйікті қызметім бар. «Бір кірпіш болып қаланып», тұлға ретінде қалыптастым. Керек кезде достарымның қамқорлығы мен қолдауы әрдайым дайын тұрады. Әсіресе, қазақтардың жақсы сөз айтып, демеу болатын қасиетіне тәнті боламын. Мемлекетте ешкім ұлтқа бөлінбейді, бәріміз де – қазақстандықтармыз! Мына бір жылы естелікпен бөлісе отырайын… Бірде басқа мемлекетте демалып, елге поезбен қайттым. Жолда Қазақстан-Ресей шекарасындағы бекетте құжат тексере бастады. Оның кезегі маған да келді. Шекарашыға Қ а з а қ с т а н а з а м а т ы е к е н і м д і дәлелдейтін төлқұжатымды ұсына бергенімде ол «өзіміздікі екен ғой» деген еді. Сол бір ауыз сөз жүрегімді елжіретіп, жанымды жад ы р а т ы п жіберді. Бірлік пен тұрақтылық – қасиетті ұғым. Мемлекеттің берекесі артып, өсуі осы ұғымдармен тығыз байланысты. Сондықтан ол бір отбасына ғана емес, тұтас елге, мемлекетке де тікелей қатысты. Осы орайда барлық этнос өкілдерін тіліне, дініне қарамастан, бір мүдде аясында әлеуметтік-экономикалық даму жолына жұмылдыра білген Қазақ елі жаһандық кеңістіктегі тұрақтылық пен бірліктің үлгісіне айналды. Елде барлық этностың мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілін толыққанды жаңғырту мен дамытудың тұрақты механизмі жүзеге асырылып келеді. Қоғамның қай саласын алып қарасаңыз да араласып-құраласып, ымырашылдықта, түсіністікте еңбек етіп жүрген түрлі ұлт өкілдерін көреміз. Ел дамуындағы оң өзгерістер, алға басу, биікке өрлеу ұлттар арасындағы татулықтың, қоғамдық келісімнің үлгісі деп білемін. Ал, бейбітшілік пен келісім саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Бұл өте маңызды болып табылады. Өйткені, қоғамдағы бейбітшілік пен келісім оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл барлық отандастарымыз бен балаларымыздың бақыты үшін бейбіт өмір сүруге және жасампаз болуға мүмкіндік береді. Менің Қазақстаным келісімде және өркендеуде өмір сүр!

img 20210501 wa0003

Галина ЧАПУРИНА, баспаханадағы монтаждау бөлімінің маманы:

Бірлік бар жерде тірлік бар Елдегі ұлтаралық татулықтың к ө р і н і с і б і р м е к е м е д е г і ұжымдаст ардың ауызбірлігінен көрінеді. Менің «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінде қызмет еткеніме 22 жыл өтіпті. Бұл уақыт дөңгелегі үшін қас-қағым сәт шығар. Дегенмен ол менің өмірім үшін ең елеулі кезең деп ойлаймын. Алғаш еңбек жолын бастағанымда ұжымдағы жас қызметкердің бірі едім. Қазіргі таңда жастарға үлгі-өнеге болатын маман болдық. Ө з і м о с ы м е к е м е д е е ң б е к ететінімді үнемі мақтан етіп жүремін. Қандай мәселені де әріптестеріммен үнемі түсіністік жағдайында бірлесіп шешеміз. Көршілерім де түрлі ұлттың өкілдері. Олардың арасында қазақ, украин, кәріс және басқасы бар. «Жақын көрші – алыстағы ағайыннан артық» дейді ғой, біздер ортақ іске келгенде «сенікі, менікі» демей, түрлі қонақтықтарда қазан-табағымыз араласып жүре береді. Қазақ жора-жолдастарымыз көп. Осындай тәрбиені көріп өскен екі баламыздың түрлі ұлттан достары аз емес. Қ а з а қ с т а н – м е н і ң О т а н ы м , өсіп-өнген жерім. Тәуелсіз елдегі ұ л т т а р д ы ң ы н т ы м а ғ ы , б і р л і г і б а ғ ы т ы н д а ж ү р г і з і п о т ы р ғ а н мемлекеттің саясаты бізді бүгінгі биігімізге жеткізіп отыр деген пікірдемін.

Пікірлерді жазып алған Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button