Жарнама
Жаңалықтар

АРДАГЕРЛЕР – ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕ!

– Атырау облысының соғыс және еңбек ардагерлері алғашқылардың бірі болып Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының кандидаттыққа ұсынылуын қуанышпен қабыл алды. Аймақтағы 238 бастауыш ұйымдағы 46  мыңға жуық ардагер алдағы Президент сайлауына еліміздің қарқынды дамуына, оның дүниежүзілік қауымдастыққа кеңінен танылып, лайықты орын алуына үлкен еңбек сіңіріп отырған Елбасына сенеді және оны қолдайды, — дейді облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мергенғали Бейісқалиев.

Облыста 18,5 мың мүгедек бар. Қамкөңіл жандар үнемі Мемлекет басшысының назарында келеді. Облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Манап Абдрахимов Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан үлкен қамқорлықты өңір ардагерлері сезініп отырғандығына тоқталды.  Сонымен қатар, еңбек ардагерлері Орынбасар Мұхтаров, Жәукен Көшенов, Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Захарова партияның ұсынысын үлкен қуанышпен қабылдағандарын айтты.

Мәжіліс соңында Ұлы Отан соғысының ардагері Орынғали Қарасаев аймақ ардагерлері атынан Үндеу оқыды (Үндеу мәтіні   газетімізде жарияланып отыр). 

Біз,  Атырау  облысының  ақсақалдар  Кеңесінің  мүшелері  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат  ретінде ұсынуға қолдау көрсеткендігіміз жөнінде жұртшылыққа Үндеу саламыз.

Бүгінгі күні мемлекетіміз тұрақты түрде дамып, өркендеп келеді.

Үдемелі Конституция мен заң үстемдігі тәртіп пен тең құқықтың орнауына мүмкіндік береді.

Мемлекеттегі барлық этнос өкілдері белсенді түрде қатысатын Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жыл бойына татулық пен келісімді нығайтып келеді.

Болашаққа деген талпыныс маңызды жетістіктің бірі болып табылады. Бұл – жаһандық шиеленістердің күрделі бесжылдық кезеңінен сәтті өтуде танылған «Нұрлы Жол» бағдарламасы. Бұл – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруге бағытталған «2050 Стратегиясы». Бұл – халқымыздың мәңгілік құндылықтарының нағыз асыл қазынасы – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы.

Бұдан шыға отырып, Атырау облысының ақсақалдар Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы шешімді бірауыздан қолдайтындығын білдіреді!

Осы Үндеуімізге қол қоюшылар:

Тасқынбаев Есен – Атырау облысының Құрметті

азаматы, Атырау облысының бұрынғы бірінші  басшысы.

Дәулетқалиев Сақан – Социалистік Еңбек Ері,

Атырау облысының  Құрметті  азаматы.

Ризуанов Қатимолла – облыстық ардагерлер

кеңесі төрағасы, Атырау облысының, Индер,  Исатай аудандарының Құрметті азаматы.

Диаров Мұфтах – Ұлттық Ғылым Академиясының 

академигі.

Қарасаев Орынғали – Атырау облысының  

Құрметті азаматы, соғыс ардагері.

Зұлқашев Шапай – Қазақстан Республикасының 

еңбегі сіңген әртісі.

Қоқанова Ділдә – денсаулық сақтау саласының

ардагері.

Заитов Ахмеджан – «Ленин», «Октябрь Револю-

циясы» және басқа да орден,

медальдардың иегері, кезіндегі облыстың чемпион құрылысшысы.

Захарова Анна     Ұлы Отан соғысы ардагері,

Александровна –   «Фронтовичка» клубының

 жетекшісі.

Кәрімов Шайдолла – Облыстың Құрметті азама-

ты, облыстық ауыл шаруашылық саласының белгілі  ұйымдастырушысы, ғылым кандидаты.

Ғабдісәлімова Мәдина – тарих ғылымдарының

кандидаты,  Атырау облысы мен қаласының, Махамбет ауданының Құрметті азаматы.

Беркалиев Жанай –  Ауыл шаруашылығы саласы-

ның ардагер басшыларының бірі, ғылым кандидаты.

 Акцияға қатысқан тағы басқа ардагер ақсақалдар.

Атырау қаласы,

13 наурыз 2015 жыл.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button