Жарнама
Жаңалықтар

Ардагерге есту құрылғысын сыйға тартты

Өткен  жылдың шілдесінен 2023 жылдың маусымына дейін Қазақстанның 35 қаласында «Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігі «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының көмегімен «Жеңіс» жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Жобаның нысаналы тобы – Ұлы Отан соғысының ардагерлері және өмірлік қиын жағдайлардағы әлеуметтік осал санаттағы тыл еңбеккерлері. Жоба аясында еріктілер рейдтері, ардагерлермен бейресми кездесулер өткізіледі екен.

Күні кеше “Самұрық Қазына траст” корпоративтік қорының демеушілігімен “Ұлттық волонтерлер желісі” ЗТБ қолдауымен “Жаныңдамын” волонтерлік ұйымы волонтерлері тыл ардагері, 93 жастағы кейуана Үміт Сүпіғалиеваға есту аппаратын сыйлады. 1931 жылы өмірге келген Үміт әжейдің балалығын соғыс ұрлады. Бала болып ойнамаған ол еңбекке 10 жасынан араласып, әке-анасына қолғабыс еткенін айтады.

–  Ата-анам пішен шабады. Ата-анам таңмен тұрғызып, ұйқылы – ояу түйеге мінгізіп қояды. Мен түйеге мініп шөмәләйді тасимын. Бұл 1941-43 жылдар еді, дейді арлагер.

Кейін оқу бітіріп, мейірбике мамандығын игерген Үміт Сүпіғалиева емдеу-сауықтыру саласында мейірбике болып қызмет етеді. Бүгінде 5 баласынан 14 немере, 37 шөбере сүген кейуана волонтерлерге ақ батасын беріп, алғысын білдірді.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button