Жарнама
Жаңалықтар

АРДАГЕР ҰСТАЗҒА – ҚҰРМЕТ

 — Елінің болашағы мен халқының кемел келешегі үшін талмай қызмет етіп, саналы ғұмырын осы жолға арнаған бірегей тұлғалардың жүрген  жолында елеулі із қалары хақ. Сара Махмудқызы, сіз саналы ғұмырыңызды бала тәрбиесіне, білім саласына арнадыңыз. Облыстың ағарту  және мәдениет саласын дамытып, экономикасына қосқан үлесіңіз мол. Кезінде облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының директоры, облыстық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, облыстық білім басқармасының басшысы қызметтерін абыроймен атқардыңыз, — деп ардагер ұстаздың өмір жолына тоқталған облыс әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы оны мерейжасымен құттықтап, мықты денсаулық тіледі.

Сондай-ақ, облыс ардагерлері атынан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов та білім-ғылым саласындағы Сара Махмудқызының ерен еңбегіне тоқталып, мәнді ғұмыр тілеп, құттықтау хат пен ескерткіш сыйлық табыс етті.

— Облыс әкімінің біздердей қарттарды ұмытпай, ескеріп жүргені көңілге үлкен қуаныш ұялатады. Біздің облыс білім саласы бойынша елімізде алдыңғы қатарда көрініп келеді. Өңіріміз алдағы уақытта да барлық сала бойынша жоғары жетістіктерден көрінсін деп тілеймін! – деп ризашылығын білдірді мерейгер.

Ардагер ұстазбен емен-жарқын әңгімелескен облыс басшысы кездесу соңында мерейгерге гүл шоқтары мен естелік сыйлық табыстады.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.
Суретті түсірген
Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button