Жаңалықтар
Әрбір қазақстандықта қанша SIM-карта болуы керектігін білесіз бе?
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылы 17 қазанда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Қазақстанда бір адам қанша SIM-карта ұстай алатындығына қатысты сауалға жауап берді, — деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазір бұл тұрғыда қандай да бір шешім қабылданған жоқ, бірақ сарапшы ретінде менің ойымша, әрқайсымызға 10-нан артық SIM-картаның қажеті жоқ. Менің ойымша, бұл көлем бір адамға жеткілікті, бірақ оны сарапшылар қауымдастығы, мемлекеттік органдар талқылайтын болады. Соның нәтижелері бойынша ұсыныс енгізілетін болады», — деді ол.
Бұған дейін Цифрлық даму министрлігі SIM-карталарды сатуда жаңа ережелер енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеген.