Жарнама
Жаңалықтар

Қарашада күн қырық құбылады

«Қазгидрометтің» мәлімдеуінше, қараша айында ауа райы құбылмалы болады. Аязды және жылы күндер алма-кезек ауысады. Жауын-шашынды, ұйытқымалы жел соғып, жолдар көктайғақтанады. Түнде және таңертең тұман түседі.

959581

Бірінші онкүндіктің ортасында және соңында едәуір аяз сезіледі. Екінші және үшінші онкүндіктердің ортасында болжанатын екі суық толқын алдыңғыдан қарқындырақ болады. Нәтижесінде, орташа айлық ауа температурасы климаттық нормаға жуықтайды. Айлық жауын-шашын мөлшері таулы және тау бөктері аумақтарында мөлшерден көп, қалған аймақтарда – мөлшер шамасында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button