Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаҚоғам

«Қарабатанда» жұмысшылар астан жаппай уланған

«Қарабатан» ЖШС-де жұмыс жасайтын 22 адам өздерін жайсыз сезініп, дәрігерлер көмегіне жүгінген.

9c69f1379a6e741baa151199a106459f

Олардың барлығына «өткір ішек инфекциясы» ауру белгісі қойылған. Зауыт жұмысшылары асханадан түскі аста көкөніс салатымен, бұршақ көжесімен, балық аралас күріш және қырыққабат орамындағы етпен тамақтанған.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Надя Ерғалиевның айтуынша, он адам ауруханаға жатқызылған. Қалғаны қолхат арқылы ауруханааға жатудан бас тартып, амбулаториялық ем қабылдауға ниет білдірген. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары аурудың шығу себептерін анықтап, эпидемияға қарсы шараларды алуда.

Қазір жұмысшылар асханасының қызметі уақытша тоқтатылды. Науқастардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button