2 1

Бір күнде – екі балабақша

Жаңалықтар

Астана күніне орай Жылыой ауданында қос балабақша пайдалануға беріліп, тұрғындар үшін тамаша тарту болды.

Жаңа Қаратон кентіндегі «Шапағат» балабақшасы – 280 орындық. Заманауи сән-салтанатпен, керекті құрал-жабдықпен толық қамтылған мекеме 12 топтан тұратын бүлдіршіндерді қабылдауға дайын. Бөбектердің өсіп-жетілуіне, дами түсуіне аса мән берілген балабақшада спортпен айналысуға да жағдай жасал-ған. Арнайы спорттық қондырғылар орнатылса, балалар қауіпсіздігі де естен шығарылмай, ойын алаңдарына жұмсақ төсемшелер жайыл-ған. Ғимарат іші бейнебақылау жүйесімен қамтылып, заманауи үлгіде жасақталған. Жаңа мекеменің ашылуы ауылдағы мектепке дейінгі балалар ұйымының кезегінде тұрғандардың санын азайтып қана қоймай, жергілікті адамдардың жұмысқа тартылуына да себепші болары сөзсіз.

ұрпақ2+ ұрпақ2

Дәл осындай салтанатты шара Жем ауылдық округіне қарасты Тұрғызба ауылында да жалғасын тапты. «Балауса» балабақшасы 160 баланы қамтуға дайын. Толық жабдықталған мекемеде 49 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, «Балапан» бағдарламасының аясында бүлдіршіндер мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуда. Бұл өзекті мәселе өңірімізде де табысты жүзеге асырылып келеді. Астана күні қарсаңында есіктерін айқара ашқан қос балабақша – осы жобаның жарасымды жүргізілуінің шынайы көрінісі.

Айта кетелік, аталған екі нысан да ТШО компаниясының «Игілік» бағдарламасы аясында салынған.

Өз тілшіміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған