
Жаңалықтар
«Ақжайықтағы» өрт толық сөндірілді
Бүгін, 24 маусым сағат 14:00-дегі жағдай бойынша «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватындағы өрт толығымен өшті. Бұл туралы Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын 1 510 гектар аумақты шарпыған. 13 маусымнан бері «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 екі тікұшағы арқылы 396 тонна су төгілді. Өрт шалған аумақтың ауқымын ұлғайтпау мақсатында тракторлардың көмегімен минералды жолақтар жыртылды. Жалпы тілсіз жауды толықтай өшіруге 200-ге тарта адам мен 40 техника жұмылдырылды.
Өрттің қайта тұтанбауы үшін және жағдайды тұрақты бақылау мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті, полиция және резерват қызметкерлерінің тәулік бойына қойылған кезекшілігі әлі де жалғасады.